Легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға тыйым салу

Легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға тыйым салу

Қазақстанда енді шетелден келген спортшыларға (легионерлерге) мемлекеттік бюджеттен қаржы берілмейді. Егер олар отандық командаларда ойнағысы келсе, шығындарын тек демеушілер немесе жеке инвесторлар өтейді.

Бұл шешім – отандық спортшыларға жағдай жасау, өзіміздің кадрларды өсіру және спортқа жеке қаражат тарту үшін қабылданды. Яғни, енді басты назар – өзіміздің спортшыларда.