Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарыс: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды

Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарыс: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды

Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қоржынымызға екі бірдей жүлде түсті.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов  өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.

Тұтқалы ат снаряды. Ерлер

🥇Нариман Құрбанов
🥈Зейнолла Ыдырысов
🥉Ахмад Әбу әл-Сауд (Иордания) - Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері

Жарыс ертең мәресіне жетеді.