Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия  Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.

Отандасымыз Анастасия (22.00 ұпай) параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қолаға қол жеткізді.

Фото: www.olympic.kz