Былтырдан бастап елімізде 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде кең көлемде аталып өте бастады. Осыған орай, Ұлттық спорт күнін мерекелеу аясында бүгін өңірлерде бірқатар спорттық-бұқаралық іс-шара жоспарланған.
Астана қаласы
• 📌 Ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар (қыз қуу, аударыспақ, садақ ату, тазы көрмесі, бүркіт көрмесі, ләңгі тебу, теңге ілу, атқа міну дәстүрі) – «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені.
• 🎯 Ұлттық спорт түрлері бойынша турнир (тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күресі) – Паралимпиадалық жаттықтығу орталығы.
Шымкент қаласы
• 🏇 Көкпар жарысы – Жаңа Атшабар алаңы.
Атырау облысы
• 🏆 Ұлттық спорт және ұлттық ойындардан бұқаралық-спорттық іс-шаралар (қазақ күресі, асық ату және бес асық, тоғызқұмалақ) – И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы атындағы орталық алаң.
• 🏇 Жаппай көкпар жарысы – Мақат ауданы.
Жамбыл облысы
• 🥋 Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» қалалық жарысы – Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайы.
• 🎯 Садақ атудан қалалық ашық турнир – Құмшағал алқабындағы спорт кешені.
• 🏅 Бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар – Тараз қаласы, орталық алаң.
Қарағанды қаласы
• 🎽 Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетикалық манеж.
Қостанай облысы
• 🎯 Дәстүрлі садақ ату және жамбы атудан «Мергендер лигасы» – Заречный ауданы, жабық «Ат-манежі».
• 🥋 Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат – Заречный ауданы, Sport Life ДШСК.
Жетісу облысы
• 🏇 Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы чемпионат – Талдықорған қаласы, орталық ипподром.
Батыс Қазақстан облысы
• 🏆 «Бабалар ізімен» ұлттық спорт түрлерінен облыстық лига – Орал қаласы, «Орал» спорт клубы.
Қызылорда облысы
• 🏅 Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қазақ күресі, қол күресі, асық ату, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, арқан тарту) – Қызылорда қаласы, орталық ипподром.
Ақмола облысы
• 🐕 Ұлттық тазы тұқымының жүгіру жарысы – Красный Яр ауылы, «Құлагер» атшабары.
• 🎽 Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Красный Яр ауылы, «Құлагер» атшабары.
Ақтөбе облысы
• 🏅 Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, садақ ату, ләңгі тебу) – Ақтөбе қаласы.
Шығыс Қазақстан облысы
• 🐕 Қазақы ит тұқымдары арасында ШҚО біріншілігі – Зайсан қаласы.
Маңғыстау облысы
• 🎯 Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату және бес тас) – Ақтау қаласы, «Теннис орталығы».
Солтүстік Қазақстан облысы
• 🏇 Жамбы ату, аударыспақ, бәйгеден ашық біріншілік – Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, «Құлагер» атшабары.
• 🏅 Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Петропавл қаласы және барлық аудандар.
Павлодар облысы
• 🏆 Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру, армрестлинг, гір көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, еркін күрес, көкпар, қызықты мәре) – Павлодар облысы.