Әуесқой бокс: Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Ал Назым Қызайбай (48 кг) Қазақстан тарихында тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атанды.
Шорт-трек: Бейжіңде (Қытай) өткен шорт-тректен әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метрлік жарыста мәре сызығын екінші болып кесіп өтіп, әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері атанды.
Спорттық жүріс: Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатында ерлер арасында 20 шақырымдық спорттық жүрісте Георгий Шейко (1:23.07) күміс жүлде иеленсе, әйелдер арасында Ясмина Тоқсанбаева (1:33.11) қола жүлдені қанжығасына байлады.
Каратэ: Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Премьер-лига турнирінде Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) күміс, ал Әсел Қанай (61 кг) қола жүлде еншіледі.
Кикбоксинг: Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасы 14 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль еншіледі. Ал фулл-контакт санатында Қазақстан командасы жалпы есепте 1-орын алды.