Германияда ITB Berlin туристік көрмесі өтіп жатыр. Бүгін отандық стендке келушілер ұлттық тағамдарымызбен танысып, асық ату ойынын ойнап көрді. Сондай-ақ еліміздің туристік әлеуеті туралы ақпараттарға қанық болды.
Бұдан бөлек халықаралық серіктестермен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізіліп, Қазақстанның туристік сала өкілдері маңызды келіссөздер жүргізді.