Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жараспаевтың төрағалығымен керлинг федерациясы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Басқосуда елдегі керлинг спортының дамуы, ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жетістіктері мен алдағы жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ федерация басшысы 2024 жылғы маусым қорытындысы туралы есеп берді.
Айта кетейік, жуырда ғана Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында керлингтен Қазақстанның әйелдер құрамасы 4-орынды иеленсе, ерлер командасы топтық кезеңде өнер көрсетті.