Азиада-2025: Қай сайыс түрлерінде алғаш рет жүлде бұйырды?

Азиада-2025: Қай сайыс түрлерінде алғаш рет жүлде бұйырды?

Қытай елінде фристайл-акробатикадан рекордтық 11 жүлде салынып, бірнеше жаңа дисциплиналар қосылған еді.

🆕⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев дәл осы сайыстан тұңғыш рет жүлде алды.

🆕⛷️🥈Фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыста 15 жастағы Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Аяна Жолдас күміс медальді еншіледі.

🆕⛷️🥉Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қола жүлдегер атанды.

🆕⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Ольга Тихонова бірінші мәрте жүлдегерлер қатарына кірді.

🆕⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин мәреге екінші болып жетті.

🆕⛸️🥉Конькимен жүгіруден командалық спринт бәсекесінде Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина үздік үштікке кірді.