«Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы топ жарып, ел қоржынына төртінші алтын жүлдені салды. Финалдық сайыста отандастарымыз Азиядағы азулы қарсыласымыз – Жапония хоккейшілерінен басым түсті. Азиадада біздің хоккейшілер тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Біздің хоккейшілер әр Азиадада жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да сол дәстүр жалғасып, команда өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Хоккейшілерімізді кезекті мерейлі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деді Ербол Мырзабосынов.