Чемпионымыз үйге оралды

Чемпионымыз үйге оралды

#Harbin2025 Азия ойындарында фристайл-акробатикадағы ерлер арасындағы синхронды секіруде алтын жеңіп алған Роман Иванов Қазақстанға оралды.

Астана әуежайында оны туған-туыстары, бапкерлері мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен, қошеметпен қарсы алды.

Жеңісті бірге бөліскен командаласы Шерзод Хаширбаев алдағы күндері Алматыға ұшып келеді.