Кёрлингтен әйелдер құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Кёрлингтен әйелдер құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының топтық кезеңін аяқтады.

Шешуші турда біздің спортшылар Қытайдың Гонконг командасымен ойнап, 8 эндтен кейін 6-3 есебімен басым түсті.

Біздің кёрлинг шеберлеріміз матчтың орта тұсына қарай айқын басымдық көрсеріп, ұпай қорын молайтып тастады.

Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*).

Фото: Сали САБИРОВ