Туризм саласының жұмысшы мамандықтары Астанадағы ірі фестивальде таныстырылды

Туризм саласының жұмысшы мамандықтары Астанадағы ірі фестивальде таныстырылды

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — жұмысшы мамандықтар жылын ресми түрде ашып берген алғашқы іс-шара. Қала аумағында сегіз тақырыптық көше ашылып, 40 шығармашылық үй ұсынылған. Туризм үйінде еліміздің екі ірі туристік ұйымы өз өнімдерін ұсынуда. Олар: сыртқы туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі — «Туристік Қамқор» және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ.

Фестиваль 5 күнге жалғасады. 15 ақпанда іс-шара алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің, туризм, меймандостық және қоғамдық тамақтану саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар фестивальде күн сайын түрлі семинарлар мен мастер-класстар, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.

Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр.