Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.