Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1

Шайбалар:
Кан Юн Сок (0-1) 11 минут, 08 секунд
Артём Лихотников (1-1) 44.58 секунд
Роман Старченко (2-1) 58.42 секунд

Осылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.