Қысқы Азия ойындарындағы ірі жеңіс

Қысқы Азия ойындарындағы ірі жеңіс

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Аруларымыз топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойын ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді.

Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.