Тараз қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР Туризм және спорт министрлігінің Кубогы ұйымдастырылды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес спорт түрлері бойынша еліміздің мектеп-интернат-колледж оқу орындарының тәрбиеленушілері кім мықтыны анықтаған болатын.
Жалпы ҚР Туризм және спорт министрлігінің ауыспалы Кубогының иегері атағын республикамыздың 18 құрамасы сарапқа салды.