Үкімет отырысында Премьер-министр көрнекті олимпиада спортшыларының сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, ұлттық құрама мүшелеріне Харбинде өтетін қысқы IX Азия ойындарында табысты өнер көрсетулеріне тілектестік білдірді.
«Біздің ұлттық құрама алдағы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, қазақстандықтарға нағыз спорт мерекесін сыйлайды деген үміттеміз.
Әйгілі спортшылар – олимпиада жеңімпаздары Владимир Смирновтың, Людмила Прокашеваның, Елена Хрусталеваның, Денис Теннің, Юлия Галышеваның аттары қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылған.
Спортшыларымыздың осы даңқты жолды Харбинде өтетін алдағы ойындарда жалғастырып, жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспін», — деді Олжас Бектенов.