🔹Конькимен жүгіру: Жапонияның Хатинохе қаласында өткен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
🔹Мәнерлеп сырғанау: Эстонияда өткен мәнерлеп сырғанаудан Challenger Series санатына кіретін Tallinn Trophy 2024 халықаралық турнирінде Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 173,25 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.
🔹Каратэ: Ресей астанасы Мәскеудегі WKF каратэден Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
🔹Фристайл-могул: Аустрияның Хинтертукс тау шаңғы курортында ұйымдастырылған фристайл-могулдан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль салды.
🔹Бадминтон: Дмитрий Панарин Замбиядағы Zambia International Challenge 2024 халықаралық турнирінің жекелей сынында үздік шықты. Ол 2022 жылы осы турнирдің жекелей сынында чемпион атанған.
🔹Теннис: Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада Корея теннисшілерімен шеберлік байқасып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы келесі жылы сәуірде өтетін турнирдің іріктеу кезеңіне жолдама алды.
🔹Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Италияның Линьяно қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды.