КУРАШ: 27 МЕМЛЕКЕТТЕН 106 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

КУРАШ: 27 МЕМЛЕКЕТТЕН 106 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

«Алау» мұз айдыны сарайында өтетін курашқа 27 мемлекеттен 106 спортшы қатысады. Аталған спорт түрінен палуандар ерлер арасында бес салмақта, әйелдер арасында үш салмақ дәрежесінде белдеседі.

Ел намысын 8 спортшы қорғайды. Олар – Ернұр Сүлеймен, Айбек Қазақбаев, Нұрдін Шаймерден, Бекәділ Шаймерденов, Марат Байқамұров, Алтынай Нұрханова, Ажар Салықова және Альбина Бақиева.