АСЫҚ АТУ: СПОРТШЫЛАР ЖЕРЕБЕ ТАРТЫП, ҚАРСЫЛАСТАРЫН АНЫҚТАДЫ

АСЫҚ АТУ: СПОРТШЫЛАР ЖЕРЕБЕ ТАРТЫП, ҚАРСЫЛАСТАРЫН АНЫҚТАДЫ

Асық атудан сынға түсетін спортшылар да жеребе тартып, қарсыластарын анықтады. Олар «Алау» мұз айдыны сарайында бәсекеге түседі. Асық атудан 12 мемлекеттен келген 39 спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Асық атудан ел намысын 8 асық атушы қорғайды. Олар – Нұрқисса Молжігітов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан.

Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.