ДАСТАН МҰҚАШБЕКОВ — XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ДАСТАН МҰҚАШБЕКОВ — XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

XVII жазғы Паралимпия ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (15,84 метр) бұйырды. Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.