Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастырамыз. «Мүлтіксіз мүмкіндік» жобасының бесінші кейіпкері – Жаңыл Балтабаева.
Жаңыл – пара каноэден бірнеше халықаралық жарыстың жеңімпазы, жүлдегері.
Атап айтар болсақ, ол пара каноэден 2023 жылы Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында топ жарып, сол жылы Ханчжоуда ұйымдастырылған Азия Паралимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған.
Париждегі Паралимпиадада спортшымыз жақсы нәтиже көрсетуге және жүлделі орындардан көріну үшін бар күш-жігерін салуға дайын.