ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ САНАН СУЛЕЙМАНОВТЫ ЖЕҢДІ

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ САНАН СУЛЕЙМАНОВТЫ ЖЕҢДІ

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықпен жеңді. Есеп - 6:1.

Айта кетейік, Демеу алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жыққан. Келесі кезеңде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңген болатын.

Отандасымыз финалда жапониялық палуан Нао Кусакамен белдеседі.

Фото: Сали САБИРОВ, Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ