Ұлттық құрама дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола жүлдесі үшін бедесуде Тара Бабулфатқа (Швеция) есе жіберді.
Айта кетейік, бұл Әбибаның алғашқы Олимпиадасы. Ол бүгін іріктеуде Әбиба Шира Ришониды (Израиль), Лень Чэнь-Хаоны (Тайпей) ұтып, жартылай финалда испан Лаура Мартинестен ұтылған.
Ал жұбаныш белдесуінде Габриэла Нарваэстің (Парагвай) жауырынын жерге тигізді.