Париж Олимпиадасының ашылуы қарсаңында ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин олимпиадалық ауылға барып, спортшылармен кездесті.
Ермек Маржықпаев пен Геннадий Головкин Қазақстан атлеттерінің олимпиадалық ауылдағы жағдайымен танысты.
Сондай-ақ, олар спортшылармен кездесті. Спорт және туризм министрі мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы Олимпиадада табысты өнер көрсетуге тілектестік білдірді.