
Дзюдошы Бақдәулет Қабдешов Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанды.
Ол 60 кг салмақта барлық белдесуінде қарсыласын қапы қалдырды. Финалда Мәскеу қаласы командасының спортшысын жықты.
Сондай-ақ, бүгін ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Мырзатай Қыдырбай (66 кг) қарсыласынан ұтылып, күміс медаль алды. Ал Дәулеткерей Сейфил 73 кг салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.
Ертең татами шеберлері қалған салмақта жүлдегерлерді сарапқа салады.