ИНДОРХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ИНДОРХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Чонбури қаласында (Таиланд) өтіп жатқан индорхоккейден әйелдер арасындағы Азия Кубогында Қазақстан құрамасы екінші орын алды.

Біздің команда ақтық сында Таиландқа 2:6 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.