
Пльзень қаласында (Чехия) нысана көздеуден Гран-при бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қолаға қол жеткізді.
Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.