ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫ ТЕМІРХАН ДАЙЫРБЕК ПАРАЛИМПИАДАҒА ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫ ТЕМІРХАН ДАЙЫРБЕК ПАРАЛИМПИАДАҒА ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ

Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті.

Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2000 м қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен Жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді, ал үшінші орынға 10:01.15. уақытымен Шри-Ланканың спортшысы Приамал Джакоди тұрақтады.

Темірхан Дайырбек - 2004 жылы туған, Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен тек 1 жыл ғана кәсіби тұрғыда айналасып келеді. Оның жеке бапкері Фаррух Хамракулов.

Бұл қазақстандық спортшылардың  Париж Паралимпиадасына ұтып алған 12-ші лицензиясы. Бұған дейін жолдаманы пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков,пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Омирали және Нұрлан Домбаев алған болатын.

Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада биыл Парижде 28-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында өтеді.