«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІНІҢ» ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІНІҢ» ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды.

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.