ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯ САНЫ 32-ГЕ ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯ САНЫ 32-ГЕ ЖЕТТІ

Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.

Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты

Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.