Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі тартысты шешуші айқаста жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша, 22 жастағы жерлесіміз көптен күткен Олимпиаданың шаршы рингінде бақ сынауға мүмкіндік алды.
Махмұдтың жарыс жолындағы қарсыластары:
1/32 финал: 🇪🇹Ядеса Лета Фикремариам (Эфиопия) 5:0
1/16 финал: 🇹🇭Саравут Сукзет (22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының күміс жүлдегері) 3:2
1/8 финал. 🇵🇷Паган Калеб Жосие Тирадо (Пуэрто-рико) 5:0
1/4 финал. 🇹🇯Асрор Вохидов (Тәжікстан) 4:1
57 келі салмақта қазақ тарихында 1️⃣ ғана боксшы Олимпиадада жүлде алған.
2000 жыл. Сидней Олимпиадасы
🥇57 келі. Бекзат Саттарханов
🥉2004 жылы Афина Олимпиадасында Павлодар облысында дүниеге келген Виталий Тайберт Германия сапында қола жүлде алды.
Фото: Аян ТӨЛЕГЕН