Ермек Маржықпаев: Ойын бизнесі субъектілерімен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр

Ермек Маржықпаев: Ойын бизнесі субъектілерімен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр

Алқа отырысында Ермек Маржықпаев ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселесіне де тоқталып өтті.

«Ойын бизнесі субъектілерімен белсенді жұмыс жүргізілуде, заңсыз ойын автоматтарының залдары жабылуда. Мәселен, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңсе сипаттындағы немесе оларды жарнамалаушы 4,5 мың интернет-ресурстар мен сілтемелер блокталды. Бұдан бөлек Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде чат-бот іске қосылған. Ол арқылы азаматтар ойын бизнесі және лотерея субъектілерінің қызметіндегі бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Бүгінгі таңда келіп түскен 150-ден астам өтініш қаралуда», - деді министр.