АЛЕКСАНДР УВАРОВ - АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

АЛЕКСАНДР УВАРОВ - АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта 2 зілтеміршіміз өнер көрсетіп, Александр Уваров күміс медаль иеленді.

Ханчжоу-2022 Азия ойындарының қола жүлдегері жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 190 кг көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен 2-орын иеленді.

Әлібек Рақымберді 7-орынмен шектелді.

Ерлер. 81 кг
🥇 Ри Чонг Сонг 369 кг (169+200)
🥈 Александр Уваров 343 кг (153+190)
🥉 Гайгысыз Тораев 337 кг (148+189)
7️⃣ 🇰🇿 Әлібек Рақымберді 298 кг (130+168)