IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды.

Ашылу салтанаты сыйымдылығы 8 мың адамды құрайтын «Купол Ёнпон» спорт кешенінде өтті. Айта кетейік, бұған дейін «Купол Ёнпон» сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді.

Қатысушыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады.

Іс-шара барысында еліміздің көк туын конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шықты.

Олимпиадада елімізден рекордтық 41 спортшы 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынайды.

Жалпы аталмыш бәсекеге әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы жүлдеге таласады.

Енді жерлестеріміз 20 қаңтарда биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, 3×3 хоккейден жарысты бастайды.