Condé Nast Traveller Italia Қазақстанды тау шаңғы демалысына арналған таңдаулы дестинациялар қатарына енгізді

Condé Nast Traveller Italia Қазақстанды тау шаңғы демалысына арналған таңдаулы дестинациялар қатарына енгізді

Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті аңызға айналған журналдың итальяндық басылымында қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында әлемдегі міндетті түрде баруы керек таңдаулы 5-ке ұсынылды.

Бұл тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар.

Редакция: "Алматы қаласынан жарты сағаттық жерде орналасқан Шымбұлақ тау шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие" деп санап, апре-скиді өткізіп алмауға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Wanderlust журналының топ-24 рейтингіне енсе, Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.