TIKTOK ЖӘНЕ KAZAKH TOURISM ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН ЖОБАНЫ БАСТАДЫ

TIKTOK ЖӘНЕ KAZAKH TOURISM ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН ЖОБАНЫ БАСТАДЫ

Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы кең ауқымды #ҚазақстанБойыншаГид (Бұдан әрі - #ГидПоКазахстану)  жобасын іске қосты. Жоба аясында еліміздің көрікті жерлері, мәдени және гастрономиялық туризмге арналған орындар туралы видеогидтер түсіріледі.


Жобаның мақсаты – платформа қауымдастығының назарын ішкі туризмге аудару, туған елімізге көбірек саяхаттауға құлшындыра отырып, шағын және орта бизнеске көмектесу, оған қоса, мәдени және туристік ұйымдарға өздері туралы айтуға, жаңа аудитория табуға септесу.

Видеогид TikTok жобаларының ресми парақшаларындағы интерактивті картада қолжетімді болады. Қолданушы еліміздің әр облысы көрсетілген батырманы басқан кезде өңір туралы видеороликтер және көрікті жерлері бар беттер ашылады.

«Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен TikTok арасындағы ынтымақтастық еліміздің туристік нысандарына назар аударта отырып, жаңа бағыттарды ашады деп үміттенеміз. Біз TikTok қолданушыларына Қазақстанның мәдени және гастрономиялық байлығын қолжетімді етіп қана қоймай, оларды да осынау бірегей жобаға белсене қатысуға шақырамыз. Осы серіктестіктің арқасында TikTok-тың әрбір қолданушысы бірегей онлайн нұсқаулықты жасауға үлес қоса алатын белсенді гид бола алады», – дейді Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Садуақасов.

Кампания еліміздің ең ірі екі шаһары – Астана және Шымкент қалаларынан басталады. Бұл жерде аталған екі қаланың мәдени ұйымдары, мейрамханалары мен басқа да мекемелері өздері туралы мәліметтер беріп, интерактивті туристік карта жасалады. Оған қоса, жергілікті тұрғындар сүйікті мекендерімен, кеңестерімен де бөлісе алады. Бұл үшін #ГидПоКазахстану хештегі және #Шымкент немесе #Астана  хештегімен бейнебаян түсіріп, оны әлеуметтік желіге салуы керек.

Қалалардың қызықты жерлері туралы видеороликтерді Kazakh Tourism @travel.kazakhstan, жергілікті туристік ұйымдар, атап айтқанда @visitastana және @visitshymkent, мейрамханалар мен дәмханалар, Шымкент драма театры @dramteatr_shymkent және «Ордабасы» футбол клубы @fc__ordabasy жариялап үлгерді.