ӘДІЛБЕК МУСИН ХАНЧЖОУДАҒЫ ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ӘДІЛБЕК МУСИН ХАНЧЖОУДАҒЫ ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды.

Спортшы 50 метрлік қашықтықты 23.44 секундта жүзіп өтті. Бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Инчул Бэк (23.29), екінші орынды Сингапурдан келген Цзен Вей Теонг (23.34) иеленді.

Бұл Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, үшінші орынды жеңіп алған.