
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLINE-da bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорларына арналған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстарын өткізеді.
Онлайн курстар 13-17 сәуір аралығында өтеді. Бес күнге жоспарланған онлайн курстарда келесі мәселелер ортаға салынады:
Курстар барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұрақтардың жауабын алады.
Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысады.
Курс Facebook әлеуметтік желісінің ONLINE-da bol парақшасында әр күн сайын 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізіледі.
Еске сала кетейік, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» тақырыбында 10 күндік онлайн курстар өткізген еді. Кезекті онлайн курстар осы дәстүрдің жалғасы іспетті болғалы тұр.
https://drive.google.com/open?id=1XOnU_kqw0gu24ae0 сілтемесі арқылы онлайн курстың бағдарамасын жүктеуге болады.