
2021 жылы SCIJ журналист-шаңғышылар (Ski Club International des Journalistes) клубының 68-отырысы Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өтеді.
Бұл туралы Сочидегі «Роза Хутор» курортында өткен клубтың 67-ші отырысында белгілі болды. Басқосуға қатысқан ұйым мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша Словениядан басып озды.
-«Бұл елімізді әлем халқына таныстыру жолындағы жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Себебі, SCIJ клубының 65 жылдық тарихы бар. Сонымен қоса, 2 000 мыңға жуық танымал журналист Қазақстанның сұлулығын өз көзімен көріп, біз туралы алған әсерлерімен бөліседі»,-деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.
Біздің анықтама:
SCIJ журналист-шаңғышылар клубы 1955 жылы Францияның Мерибель тау-шаңғы базасында құрылған. Сол жылдан бері дәстүрлі жиын Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың 70-ке жуық шаңғы базасында өткен. Қазір құрамына 32 елдің 2000-ға жуық БАҚ өкілі кіреді. Қазақстан аталған клубқа 2012 жылы қосылып, осы уақыта дейін ұйым жұмысына белсенді атсалысып келеді.
Айта кетейік, жыл сайын өткізілетін бұл іс-шара тау шыңғысы мен шаңғымен жарысудан журналистер арасындағы бейресми әлем чемпионаты саналады.