Анастасия Давыдова стенд атудан Гран-при бәсекесінде 3-орын алды

Анастасия Давыдова стенд атудан Гран-при бәсекесінде 3-орын алды

Кувейтте нысана көздеу мен стенд атудан Гран-при бәсекесі өтіп жатыр.

Бүгін Қазақстан құрамасынан стенд атудың «трап» бағдарламасында сынға түскен Анастасия Давыдова үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, тағы бір спортшымыз Екатерина Иванова турнирді 6-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жалпы есепте италиялық Гайя Рагацинни топ жарса, отандасы Гиулия Грассиа күміс жүлдеге ие болды.