Волейболдан Қазақстан құрамасы құрлықтық бәсекеде 3-орын алды

Волейболдан Қазақстан құрамасы құрлықтық бәсекеде 3-орын алды

Бүгін Тайландтың Накхонратчасима қаласында өткен құрлықтық турнирде волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3-орын алды.

Айта кетейік, бұл бәсекеде Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін бір жолдама сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасы өз тобында Иран мен Индонезия қыздарынан басым түсіп, Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Ал жартылай финалда Вячеслав Шапран шәкірттері Тайланд құрамасынан ұтылды. Қола жүлде жолында қазақ волейболшылары Қытайдың Тайбэйімен кездесіп, 3:1 (25-21, 22-25, 25-21, 27-25) есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.  

Төрт жылдықтың басты додасына берілетін жолдама үшін алаң қожайындары Тайланд пен Оңтүстік Корея таласады.