
Тікелей эфирге мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, философия ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Ғарифолла Есім және ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысты.
Сонымен қатар, «Абай мұрасы және қазіргі заман» тақырыбына арналған осынау тікелей эфирде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Бүркіт Аяғанов, Ерлан Саиров, Назарбаев Университетінің профессоры Гүлтас Құрманбай, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алмахан Мұхаметқали Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының қарсаңында жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына байланысты өзекті тақырыптар жан-жақты талқыланды.