Исламбек Қуат «Оренбург» командасына ауысты

Исламбек Қуат «Оренбург» командасына ауысты

Қазақстандық футболшы Исламбек Қуат Ресейдің «Оренбург» командасының сапын толықтырды.

Айта кетейік, 26 жастағы жартылай қорғаушы 2014 жылы «Қайрат» қатарына қосылған еді. Ол Алматы ұжымының жейдесінде 133 матчта алаңға шығып, 7 гол салған. Ал оның алдында «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Астана» сынды отандық командалар сапында өнер көрсеткен.

Исламбек Қазақстан премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогының 3 дүркін иегері.

Қазақстан ұлттық құрамасында 2015 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін 31 ойында алаңға шығып, 4 голдың авторы атанды.

Қазір «Оренбург» клубы Ресей біріншілігінде 18 турдан кейін 19 ұпай жинап, 14-орында келе жатыр.

фото: «Қайрат» ФК