Балалар үйінде қайырымдылық концерті өтті

Балалар үйінде қайырымдылық концерті өтті

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйінде (отбасын қолдау орталығы) қайырымдылық концерті өтті.

Балалар үйі ұжымы алдында ҚР Президент оркестрінің әншісі Асылхан Шалқаров өнер көрсетіп, тыңдармандарға мерекелік көңіл - күй сыйлады.

Балдырғандар Асылханмен бірге өздерінің сүйікті  әндерін айтты.

Қайырымдылық концерті аясында  министрлік өкілдері балалар үйінің хоккей командасына (20 адам) арнайы сыйлықтар: хоккей таяғы мен пүліштен жасалған әралуан ойыншықтар табыстады.