Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Иманғали Тасмағамбетовке көңіл айтты.
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Нұрғалиұлына анасы Ділда Матайқызының дүниеден өтуіне байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Қазақтың мақтанышы, сіздей атпал азаматты дүниеге әкелген ардақты ананың «Айналайындарым, менің» атты тәлім мен тәрбиеге, өсиет пен өнегеге толы кітабы әлі де сан буынды тәрбиелеуге үлес қосары сөзсіз.
Иманғали Нұрғалиұлы!
Анаңыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай.