ҚР Мәдениет және спорт вице -министрі Нұрғиса Дәуешов «Жыл патриоттары» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

ҚР Мәдениет және спорт вице -министрі Нұрғиса Дәуешов «Жыл патриоттары» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткен Республикалық Патриоттар форумына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице -министрі Нұрғиса Дәуешов қатысты.

Патриоттар форумына еліміздің әр өңірінен келген делегаттардың ішінде ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, этно-мәдени орталықтардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Форум аясында «Жыл патриоттары» байқауының үздіктері анықталды. ҚР Мәдениет және спорт вице -министрі Н.Дәуешов жеңімпаздарды құттықтап, арнайы дипломдар тапсырды.

Айта кетейік, форумның мақсаты – ел бірлігін нығайту, қазақстандық патриотизм ұғымын, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.