
28 қарашада Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем Кубогы басталады.
Жаһандық бәсекеге аттанған ел құрамасының тізімі:
Ерлер – Антон Пантов, Максим Браун, Роман Еремин, Владислав Витенко.
Әйелдер – Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко мен Людмила Ахатова.
Сондай-ақ, екінші құрам 9-15 желтоқсан аралығында Италияның Риднау-Валь Риданн қаласында өтетін IBU кубогінің 2-кезеңіне қатысады.
Бұл сында ерлерден – Дастан Делдеш, Данил Белецкий, Александр Мухин, Сергей Сирик, Тимур Куц, қыздар құрамасынан – Евгения Красикова, Алина Коломиец, Виктория Катаева өнер көрсетеді.