
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер командасы шешуші ойынын өткізді.
Финалда құрлық фавориттері Қазақстан мен Жапония командасы кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы матч жарыс қожайынының пайдасына шешілді. Есеп: 7-24.
Осылайша, Қазақстан жарысты 2-орында аяқтады.
Қазір Қазақстан еншісінде ойындардың 12 алтын, 24 күміс, 46 қола медалі бар.
Ватерпол - әр жазғы Азиадада Қазақстан тұрақты жүлде алатын жалғыз командалық спорт түрі. Назарыңызға ерлер құрамасының статистикасын ұсынамыз:
🥇🇯🇵1994 жыл. Хиросима (Жапония) - 1-орын
🥇🇹🇭1998 жыл. Бангкок (Таиланд) - 1-орын.
🥇🇰🇷2002 жыл. Пусан (Оңтүстік Корея) - 1-орын.
🥉🇶🇦2006 жыл. Доха (Қатар) - 3-орын
🥇🇨🇳2010 жыл. Гуанчжоу (Қытай) - 1-орын.
🥇🇰🇷2014 жыл. Инчхон (Оңтүстік Корея) - 1-орын.
🥇🇮🇩2018 жыл. Джакарта (Индонезия) - 1-орын.
🥉🇨🇳2023 жыл. Ханчжоу (Қытай) - 3-орын.
🥈🇯🇵2026 жыл. Аичи-Нагоя (Жапония) - 2-орын.