
Нагоя қаласындағы Мидзухо жеңіл атлетикада стадионында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жүлде сарапқа салынды.
Финалда отандастарымыз Нора Джеруто Тануи мәреге 2-ші болып жетті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші - 9 минут, 6.82 секунд. Осылайша, жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама қоржынына кезекті күміс медаль түсті.
Мұнда Бахрейн өкілі Уинфред Яви Азия ойындарының рекордын орнатып, алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Парул Чаудхари (Үндістан) түйіндеді.